Спикердің айтуынша, сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізілуде. – Облыс аумағы арқылы республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» жолының 558 шақырымы өтеді. Транзиттік облыс болғандықтан жаз мезгілінде жүк, жолаушы және шет елдерінде тіркелген автокөліктердің қарқыны 2 есеге артатындығы белгілі. Олардың басым көпшілігі сұйытылған мұнай газын пайдаланады. Қазіргі таңда облыс үшін сұйытылған мұнай газының айлық қажеттілігі 8-8,5 мың тоннаны құрайды.
ҚР Энергетика министрлігі тарапынан облысымызға жылдың үшінші тоқсанына жалпы 17,6 мың тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Тамыз айына бөлінген 6 401 тонна сұйытылған мұнай газының 4 102 тоннасы «СНПС Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы зауытынан, ал 2 299 тоннасы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» зауытынан тасымалданады. «Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытынан шілде айына қосымша 972 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, – дейді Ғалым Исабайұлы.
Басқарма басшысы сонымен қатар өндіруші зауыттардан сұйытылған мұнай газын ертерек жөнелту бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, тамыз айына «Тенгизшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі коммерциялық бағамен 523 тонна сұйытылған мұнай газын жөнелтіпті. Бұл ретте 3 вагон-цистернада 108 тонна сұйытылған мұнай газы теміржолмен жөнелтіледі деп күтілуде. Айта кету керек, бүгінгі таңда облыс бойынша 252 тонна сұйытылған мұнай газы бар.
Аяулым Жаманқара