Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік қызметшілер өзгеге үлгі болуы керек

Мемлекеттік қызметшілер өзгеге үлгі болуы керек
Ашық дереккөз
Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Руслан Шәріповтың қатысуымен брифинг өтті. Спикер департаменттің биылғы жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысымен таныстырды.

Департамент 6 айда мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 13 тексеру жүргізіпті. Тексерудің нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 283 фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 10 нұсқама және 2 ұсыныс енгізілген.

– Жүргізілген профилактикалық бақылаулардың нәтижесінде 30 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді. Атап айтқанда, 21 қызметкерге іссапар шығындары кешіктіріліп төленгені үшін өсімпұл сомасы төленді. 9 қызметшінің қызметтерін бағалау мәселесі қайта қаралды.

Одан бөлек жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде 3 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Мәселен, азаматша А.Сауранбайдың шағымы негізінде Шу ауданы әкімі аппаратында жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде конкурстық комиссияның шешімі жойылды. Шағым иесінің құқығы қайта қалпына келтірілді. Заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 3 мемлекеттік қызметші «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 12 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған әкімшілік істер бойынша 304 590 теңгені құрайтын айыппұл мемлекет бюджетіне өндірілді, – деді спикер.


Ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Әдеп жөніндегі кеңестің 5 отырысы өтіпті. 

– Кеңес отырыстарында қаралған мәселелер бойынша барлығы 109 ұсыным қалыптастырылды. Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары толықтай орындалған.
Тәртіптік істерді қарау нәтижесі бойынша 2 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.Оның ішінде біреуі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту», ал қалған біреуіне әдеп нормаларын сақтамағаны үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.

Әдеп жөніндегі кеңеспен 1 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы актінің күшін жою арқылы оның құқықтары қалпына келтірілді.Есепті кезеңде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен түрлі мәселелер бойынша 31 жеке қабылдау ұйымдастырылып, онда барлығы 63 азамат қабылданды.Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және әдеп нормаларын түсіндіру бойынша 116 іс-шара өтті, – дейді Руслан Шәріпов.


Брифинг соңында спикер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Аяулым Жаманқара

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар