Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Волонтерлер тәжірибе алмасты

Волонтерлер тәжірибе алмасты
Ашық дереккөз
Облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты жастар ресурстық орталығы мен «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Волонтерлік саласындағы жастар бағытының жол көрсеткіші» атты бейресми семинар-тренинг өтті.

Волонтер жастардың бойында көшбасшылық, жауапкершілік қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға өңірдегі жастар ресурстық орталықтарының волонтерлік бағыт бойынша жұмыс істейтін мамандары және белсенді еріктілер қатысты. 

Бейресми семинар-тренингте спикер ретінде сөз алған «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің өңірлермен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Бауыржан Жұмат волонтерліктің 13 бағыты бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларға командалық жұмыс ұйымдастырды. Ал, Сарысу аудандық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты Бауыржан Балғабай волонтерлік қозғалыстағы өзгерістер туралы баяндады.

Сондай-ақ белсенді волонтер сөз соңында жақында ғана ауа райының қолайсыздығына байланысты су басқан Сарысу өңіріне волонтерлердің тарапынан көрсетілген көмектер үшін алғысын білдірді.Сонымен қатар, өңірдегі жастар ресурстық орталықтарының мамандары өзара тәжірибе алмасу арқылы бірқатар бағыттар бойынша жұмыстарды айқындады. 

А.Орынбасарқызы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар