Экономикамызды қарқынды дамыту және энергетикалық қауіпсіздік үшін елімізде тұрақты энергия көзі керек. Баламалы энергия көздері ауа райына байланысты бізге тұрақтылықты қамтамасыз ете алмаса, жылу электр стансалары атмосфераны қатты ластайтынды. Біздің сұранысты атом электр стансасы толығымен қанағаттандырады, сонымен қатар елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік береді.
Әлемде ең көп салынған және ең қауіпсіз болып саналатын АЭС-терде су-сулы атом реакторлар түрі қолданылады. Дәл осындай су-сулы атом реакторы Алматыдан 20 шақырым жерде орналасқан «Алатау» ықшамауданындағы Ядролық физика институтында 57 жыл бойы ешбір ақаусыз жұмыс істеп тұр.
Осы институт базасында радиациялық қауіпсіздік және ядролық физикалық қауіпсіздік бойынша оқыту орталықтары бар. Демек, бізде керекті негізгі мамандар мен олардың кәсіби біліктілігін жетілдіретін оқу орталықтары бар.
Дарын Бөргеков,
ҚР Энергетика министрлігі
Ядролық физика институтының
Астана қаласындағы филиалы басшысының орынбасары