Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бүлінген дүние бүтінделеді сарысуда материалдық шығынды зерделеу жұмыстары жүргізілуде

Бүлінген дүние бүтінделеді сарысуда материалдық шығынды зерделеу жұмыстары жүргізілуде
Ашық дереккөз
Ағымдағы жылдың 7 шілдесі күні Сарысу ауданының аумағында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, бірқатар көшедегі 400-ден астам үйдің ауласы, 47 үйдің іші мен 1 мектептің жертөлесін су алды.

Осы жағдайға байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аудан орталығы – Жаңатас қаласына барып, су алған аулаларды аралап көріп, ахуалмен танысты. Тұрғындармен тілдесіп, талап-тілектерін тыңдады. Ербол Шырақпайұлы жедел штаб отырысын өткізіп, орын алған жағдайдың қайталанбауы үшін себебін зерделеу бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

– Арнайы комиссия құрылып, тұрғындарға, зардап шеккен нысандарға заң талаптарына сәйкес барлық қажетті көмек, қолдаулар көрсетіледі. Біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз, – деген өңір басшысы аталған жағдай жеке бақылауында болатынын баса айтты.

Ә дегеннен жергілікті атқарушы орган және төтенше жағдайлар департаментінен жұмылдырылған 50-ден астам адам тұрғындарға көмектесіп, су айдау жұмыстарын жүргізді. Бастапқы кезде 17 техника тартылып, 11 мотопомпа қолданылды. Қажетті техникалар санын арттыру үшін жедел шаралар қолға алынды.

Қазір арнайы техникалардың көмегімен суды тоқтату, бағытын бұру жұмыстары үздіксіз атқарылуда. Зардап шеккен тұрғындар үшін қабылдау пункттері дайындыққа келтірілді. Азаматтарды тасымалдауға арнайы көліктер қарастырылған.Айта кетейік, 8 шілде күнгі сағат 18:30-дағы жағдай бойынша 18 600 текше метр су сорылды. Жалпы 128 аула мен 47 үйдің іші судан тазартылды.

Жаңатас қаласындағы шағын қабатты нысандар мен Дегерес елді мекенінде  электр қуаты  қосылды.Тек Д.Қонаев атындағы орта мектепте судан тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарық әлі берілмеді.Төтенше жағдай салдарынан болған материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмыс тобы құрылып, тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.

Осы күні таңертең ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен су деңгейінің едәуір төмендегені анықталды. Адам, мал шығыны жоқ.Зардап шеккен тұрғындар үшін 105 орындық екі қабылдау пункті дайындыққа келтіріліп, оған 12 адам орналастырылды. Қазір олар өз еріктерімен үйлеріне қайтарылды.

«Жаңатас – Саудакент» тасжолы ашық.Төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.Аудандағы ахуал аймақ басшысының бақылауында.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар