Бүгін Шу қаласы Теміржолшылыр саябағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға 60 адам қатысты. Саябақтағы арам шөптерді жұлып, талдарды әктеу және ойын алаңшаларын сырлау жұмыстарын жүргізді.
Шу қаласы әкімінің орынбасары Аймамбет Жандос Ерболұлының айтуынша, әр апта сайын тазалық жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі. Бүгінгі таңға дейін жалпы 2 850 мың өңір тұрғыны, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар тазалық науқанына белсене атсалысты, оның ішінде 130 ерікті және 95 кәсіпорын мен мекемелер қатысты.
Сондай-ақ, науқан аясында 12 тарихи-мәдени ескерткіш, саябақ пен сквер аумағы, 80 шақырым канал мен арық жүйесі, 140 мың шаршы метр көше тазартылып, 230 тонна қоқыс шығарылды, 2 000 түп көшеттер отырғызылып, 3 су бұрқақтары іске қосылды. Бұл жұмыстарға жалпы 27 бірлік техника жұмылдырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Қосы Батыр Сәмбетұлының 350 жылдығына арналған тарихи-танымдық іс-шара өтті
- авторAR-AY
- 18 желтоқсан, 2025
2028 жылға қарай Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады
- авторAR-AY
- 18 желтоқсан, 2025




