Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Таза Қазақстан»: қордайлықтар «қоқыссыз қаланы» құптайды

«Таза Қазақстан»: қордайлықтар «қоқыссыз қаланы» құптайды
Ашық дереккөз
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауылындағы «Ноғайбай би» атшабарына сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Елді мекендердегі қоршаған ортаны қорғауға және таза ұстауға бағытталған шарада жас белсенділерден құрылған еріктілер тобы атшабар аумағын қоқыстан тазалап, жасыл желектерді суғарды. 

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауылының «Барыс-2» базарында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

– «Барыс-2» базары Қордай ауылының кіре берісінде орналасқан сауда нысаны болғандықтан, әрі өзге аймақтардан ауыр жүк көліктері көптеп келгендіктен базар аумағы жиі күл-қоқысқа толып жатады. Осыны ескеріп, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға ынталандырып, таза әрі жайлы орта құруға бағыттау мақсатында бүгінгі жаппай сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып отырмыз. Тазалық жұмыстарына осы аумақта тұратын жергілікті тұрғындарды да шақырдық. Сонымен қатар, тазалықты сақтауға қатысты үнпарақтарды да көрнекі орындарға іліп шықтық,- деп атап өтті Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Қаспақбаев.
 
Жалпы Қордай ауданында экологиялық акция аясындағы тазалық жұмыстары үздіксіз жалғасып, еріктілер, жергілікті тұрғындар және мемлекеттік мекемелер бірігіп, түрлі экологиялық шаралар өткізуде.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар