Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Таза Қазақстан»: Т.Рысқұлов ауданда 1 100 түп тал егілді

«Таза Қазақстан»: Т.Рысқұлов ауданда 1 100 түп тал егілді
Ашық дереккөз
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Т.Рысқұлов ауданына қарасты Құлан ауылындағы «Ардагерлер үйінің» аллеясы тазаланды.

Акцияға зиялы қауым өкілдері мен аудан жастары, қоғамдық жұмысшылар белсене қатысып, аллея аумағын күл-қоқыстардан тазартып, гүлзарларға аббатандыру жұмыстары жүргізді.

Сонымен қатар, акция барысында белсенділік танытқан бірқатар аудан тұрғындарына округ әкімінің арнайы Алғыс хат табыстады.

Айта кетейік, жалпы аталған эко-акция барысында 6 әлеуметтік нысан, 2 көпқабатты және 50-ден астам ардагерлер мен қарттардың аулалары, барлығы 40 шақырым арық-канал жүйелері және 18 саябақ, 15 сквер тазаланып, 1 100 түп тал-дарақтар отырғызылды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар