«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жуалы ауданында бірқатар іс-шаралар легі өтті.
Тазалық науқаны аясында бастауын Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайынан алып, оңтүстік-шығысқа қарай бұрала ағатын өзен бойындағы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының аумағына санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Акцияға ауданның ерікті жастары мен Нұрлыкент, Көкбастау мен Қызыларық ауылдық округтерінің тұрғындары біркісідец атсалысып, көгеріштендіру және көгалдандыру жұмыстарын атқарды.
Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының маңайын тазалауға 2 техника мен 100 ден аса адам жұмылдырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
- авторAR-AY
- 20 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
МӘМС есебінен елімізде ең күрделі әрі қымбат операциялар жасалды
- авторAR-AY
- 20 желтоқсан, 2025




