Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22- бабы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.Сонымен қатар ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданды.Облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы 2019 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2018 жылғы 1 наурыздағы №17-3 хаттамасына сәйкес «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялаумен байланысты көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі Жол картасының» аясында 19 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін көрсетеді.
Жол картасы аясында 11 мемлекеттік көрсетілетін қызмет субсидия беру бағыты бойынша, оның ішінде 10 қызмет түрі – «GOSAGRO.KZ», 1 қызмет түрі «plem.kz» электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі. Қалған 8 қызмет түрі «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда егіншаруашылығы саласы бойынша 5, малшаруашылығында 1 бағыт субсидияланса, қалған тетіктер агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруға негізделген.Бекітілген қағидаларға сәйкес субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйе өтінімде көрсетілген мәліметтердің бір бөлігін мемлекеттік деректер базаларымен ақпараттық өзара іс-қимыл жолымен өңдейді, ал мәліметтердің бір бөлігін деректердің толықтығы тұрғысынан тексереді.Өтінімдерде ұсынылған деректердің дұрыстығы үшін өтініш берушінің өзі жауапты болады.
Субсидия алушылар субсидиялау қағидаларына сәйкес ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растайды және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы белгі жасайды.Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі болып табылады.2023 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау жөніндегі бірыңғай интернет-платформа субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі – «gosagro.kz» порталы іске қосылғанымен жұмыс атқару барысында көптеген мәселе туындатты. Биылдан бастап бұл ақпараттық жүйе қайта жаңартылды.Өтінімдерді беру, субсидияларды өңдеу және алу бірыңғай «gosagro.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Осы орайда басқармада жеке және заңды тұлғаларды қабылдау үшін бейнебақылаумен қамтылған ашық кабинет қарастырылған. Сонымен қатар сенім телефоны жұмыс істейді.Басқарманың ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік қойылған. Азаматтарды жеке қабылдау бойынша басшының және оның орынбасарларының кестесі бекітілген, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсету мақсатында ғимараттың ішінде көрнекі ақпараттар орналасқан. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін Басқарманың ресми сайтына барлық мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалар тізілімі көрсетілген.
Басқарма қоғаммен байланыс орнату мақсатында «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде парақшаларын ашып, мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен тұрғындардан түскен сұрақтарға дер кезінде жауаптар берілуде.Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға болмайтындығы, сыйлық және өзге де игіліктерді алуға тыйым салынатыны, ресми киім үлгісін, қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында негізсіз бас тартулар, арыз-шағымдардың мерзімін бұзу және ақпараттық жүйелерге қате енгізу фактілеріне жол бермеу жөнінде тиісті мемлекеттік қызмет көрсету функциялары жүктелген қызметкерлерге басшылық тарапынан үнемі ескертіліп келеді.Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.
Даниярхан Махамбетов,
облыс әкімдігі
ауылшаруашылығы
басқармасының
бас маманы