Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жастар «Аq jol cup» кубогын сарапқа салды

Жастар «Аq jol cup» кубогын сарапқа салды
Ашық дереккөз
Тараз қаласында «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының облыстық филиалы алғаш рет «Ақ жол жастары кубогы» (AQ JOL JUNIOR CUP) үшін дебат ұйымдастырды. Дебат британдық парламенттік форматта өтті.

Турнирге арнайы шақырылған төрешілермен бірге партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, жастар кеңесінің төрағасы Ханзада Насруллаев, партия атынан облыстық мәслихатқа бір мандаттық жүйе бойынша сайланған депутат Дәурен Ахметжаев, Тараз қалалық мәслихатының депутаттары Бауыржан Найзақұлов, Руслан Мырқалықов, партия филиалының заңгері Жеңіс Сариев төрелік етті.

Жалпы «Ақ жол» кубогы үшін ұйымдастырылған турнирге қатысуға 20 команда өтінім берді.Турнирдің ашылу салтанатында партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мұқанбетәлі Шалқарбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

–  Ашық қоғам құру – бұл ел Президетінің бастамасы. Жастар кез келген қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан демократиялық қоғам құруда жастардың орны бөлек.
Мемлекетімізде жастардың қай сала, қай істе болмасын өзін көрсетуіне толық мүмкіндігі бар.

Мәселен, білім, әлеуметтік-мәдени саламен қатар, жастарға саясатқа да араласуға кең мүмкіндіктер берілген. Соның бірі – мәслихат пен Мәжілістегі депутаттық құрамға қатысты жастар квотасы. Болашақ саясаттанушы, ғалым мен басқарушы менеджерлер ұлттық рухы биік, ойы жүйрік, білімді жастардың арасынан шығатыны сөзсіз. Осындай дебаттар жастардың шыңдалуына зор ықпалын тигізеді, – деді Мұқанбетәлі Жеңісұлы.

Облыстық турнирде Ханзада Насруллаев та ойыншыларға ақ жол тіледі. Партияның облыстық филиалы мен оның жастар ұйымының әріптестері бірінші рет өңірлік жастар пікірсайыс турнирін өткізіп отырғанын айта кетуіміз керек.

Айтпақшы, бұл турнир «Jambyl TV» жергілікті телеарнасында өткенімен де ерекшеленді. Телеарна студиясында турнирдің 4 фракциясы демократиялық жүйені дамыту үшін екі партиялы жүйенің тиімділігі және «Демократияшыларға» жасалынып жатқан идеализация қарарларын талқылады.

Сөзсайыс барысында үздік шыққан 3 команда жүлделі орындарға ие болып, оларға арнайы кубоктар мен тағайындалған қаржылай сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ «Үздік спикер», «Үздік идея» сынды бірнеше арнайы номинация иегерлері анықталды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 500 мың теңгені құрады.

Н.Болатұлы
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар