Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Балаларды отбасынан тартып ала алмайды

Балаларды отбасынан тартып ала алмайды
Ашық дереккөз
Әлеуметтік желілерде «мемлекеттік органдар балаларды ата-аналарынан тартып ала алады» деген жалған ақпарат тарады. Бұл жаңа заңнамалық нормалар қабылданғанда мүмкін болады екен-мыс.

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

«Қолданыстағы заңнамада мемлекеттік органдарға балаларды тартып алуға мүмкіндік беретін нормалар жоқ. Барлық заңдар баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және баланың өміріне немесе денсаулығына нақты қауіп төнген жағдайда ғана шаралар қабылдануы мүмкін», деп хабарлады ведомство өкілдері.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова атап өткендей, мемлекеттің саясаты отбасыларды сақтауға және ата-аналардың тәрбиелік күш-жігерін қолдауға бағытталған.

– Балаларды қорғау органдарының басты міндеті − әр баланың барынша туған отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету. Өкінішке қарай, балалардың қатігездікке ұшырауы немесе олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қауіп төндіретін жағдайларда өмір сүруі сияқты көптеген факт бар. Балаға тікелей қауіп төнген жағдайда ғана балалар мекемелерінде уақытша орналастыру шаралары қабылдануы мүмкін. Әрбір жағдайды Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, прокуратура, ішкі істер органдары, Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл бақылайды және мұқият тексереді, – деді Насымжан Оспанова.

Талғат Нұрханов 

 

 


 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар