«Қазгидромет» РМК биыл тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.«Маусымдық болжамдар консультативтік болып табылады. Олар қысқамерзімді болжамдармен нақтыланып отырады. «Қазгидромет» бір тәулікке, 3 күнге және бір аптаға болжам жасайды. Айлық болжамдардың тек 70 пайызы ғана орындалады.
Түркістан облысында жазда ауа температурасының 40 градусқа дейін көтерілуі қалыпты жағдай.Әлемнің бірде-бір елінде синоптиктер тұтас бір маусымға болжам жасамайды.Олар жорамалдап айтады. Дамыған елдерде болжам бір күнге, 3 күнге және бір аптаға жасалады.
Есесіне апталық болжамдар да нақтыланады. Болжам ұзақ мерзімге жасалса, ол нақты жағдайға сәйкес болмайды.Интернетте жарияланған ақпаратқа емес, тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіз.Алдағы жазға арналған консультативтік болжаммен біздің ресми порталымызда таныса аласыздар», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Талғат Нұрханов
Әрбір қазақстандыққа 100 мың теңге өтемақы төленбейді
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




