Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Үздік жасақ бастығы» анықталды

«Үздік жасақ бастығы» анықталды
Кез келген түзеу мекемесінде жаза мерзімін өтеушілердің бостандыққа шыққанға дейін басы-қасында қадағалап жүретін қызметкер – жасақ бастығы.

Әрбір жұмыс күнін өз жасағындағы сотталған азаматтарды тізім бойынша тексерістен бастайтын жасақ бастықтары күнтәртібіне сәйкес жүйелі жұмыс жүргізеді. Мәселен, денсаулық жағдайымен дәрігерге жазылған азаматтарды мекеменің медициналық жұмыс жүргізу аймағына апару, кітап оқуға құштарлық танытқандарды кітапханаға, жақындарымен сөйлескісі келгендерді таксафонға, психолог көмегін қажет ететіндерді психологқа, мекеме ауласындағы дүкеннен қажетін алушыларды апарып алып-келу – жасақ бастықтарының тікелей міндеті.

Бұдан бөлек, сот отырысы белгіленген жазасын өтеушілерді «Zoom» платформасы арқылы байланыстыру да жасақ бастықтарына жүктелген. Шын мәнінде, осынау жауапкершілік жүгі мол жұмыстарды мінсіз атқару, арнайы контингент өкілдерінің темірдей тәртіпке мойынсұнуын қадағалау оңай емес.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жасақ бастығы, әділет капитаны Руслан Балықбаев осы үдеден шыға білген азамат. Бұл жігіт өткен жылы жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері арасында дәстүрлі түрде өтетін «Үздік жасақ бастығы» байқауының жеңімпазы атанды. Ол сайыс барысында көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп, кәсіби даярлығы мен алғашқы медициналық көмек көрсетуде біліктілігін көрсетіп, түрлі ситуациялық сұрақтарға мүдірмей жауап берген. Осылайша, әріптестерінен оза шапқан Руслан Жеңісұлы байқай қорытындысына сәйкес, үздік деп танылды.

Айта кетейік, Руслан Балықбаев көпбалалы әке. Ол сүйген жарымен бірге балдан да тәтті ұл-қыздарды тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана. Қорыта айтқанда, қоғам тыныштығын күзеткен тәртіп сақшысы қиындығы мол қызметпен қатар, өзінің азаматтық парызын да жоғары деңгейде өтеп жүр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар