Өйткені, жазасын өтеушілер қоғамға қалыпты, түзелу жолына түскен азамат болып оралуына көп еңбек сіңіретін де жасақ бастығы.
14-маусым ҚР-ң ІІМ ҚАЖК-ң Түзеу мекемелеріндегі тәрбие қызметінің кәсіби мерекесіне орай √58 мекемесінің еңбекқор, тәртіпті, ұжымда сыйлы, арнайы континент арасында абыройлы жасақ бастығын атап өткенді жөн көрдік.
Қазіргі таңда, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД РММ √58 Түзеу мекемесінде жасақ бастығы әділет капитаны Алихан Қали қызметін мінсіз, абыроймен атқаруда. Ол - 1992 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген., 2018-жылдан бастап ІІМ - гі саласында қызмет атқарып келеді, ҚАЖД РММ √58 мекемесінде 10.03.2023 жылдан бері жасақ бастығы қызметін атқарады. Оның мінсіз қызметінің бірден-бір көрсеткіші ретінде √58 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Б.М.С. есімді сотталғанның жасақ бастығына деген ықыласын "Алғыс хат" түрінде мекеме басшысының атына жазбаша ұсынысы негіз болып табылады...
Жасақ бастығы әділет капитаны А.Қали сегіз қырлы, бір сырлы, әрдайым ізденіс үстіндегі талантты қызметкер. Атап айтқанда: 2020 жылы - ән айтудан Астана қаласында өткен " Үздік дауыс" іс-шарасында 3-ші орын иеленген; 2022 жылы ҚР ІІ Министрлігінің 25-жылдық мерей тойына орай өткен мерекелік концертінде өнерін көрсетіп "Көрермендер көзайымы" номинациясына ие болған; 2023 жылғы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Түзеу мекемелері арасында "Үздік жасақ бастығы" конкурсында жүлделі 2 - ші орын алған т.б. жетістіктері бар.
«Үздік жасақ бастығы» анықталды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024