
Облыстық Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап мұхитындағы аралдар» жобасы аясында «Армысың жаз!» апталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Жас жеткіншектер үшін жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өскелең ұрпақ үшін балалар кітапханасының имиджін қалыптастыру, оны маңызды және қажетті екенін көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шара қызықты өтті.
Танымал әлемдік шығармалардағы «Юнга» кемесіне мінген Капитан Гектор Барбосса бастаған теңіз қарақшылардың келуімен бастау алып, Джек Воробеймен «Қара маржан» қазынасын табу үшін кітап мұхитындағы «Нептун», «Мотунуй» аралдарының викториналық сұрақтарына жауап бере отырып, кедергілерден өтті.
Балалар сүйіп оқитын «Су перісі», «Кариб теңізінің қарақшылары» шығармаларының және Уолт Дисней студиясының кейіпкерлері жас теңізшілермен жасырылған қазынаны тауып сыйлықтарға ие болды
Келесі мақала
«Алатауда» – «Ақсақ құлан» күйі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстандық ғалымдар Ұлытаудағы ең ірі су қоймасын қалпына келтіруге кірісті
- авторAR-AY
- 3 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Қазақстанның ұлттық құрамасы EuroSkills Herning 2025 чемпионатына қатысады
- авторAR-AY
- 3 қыркүйек, 2025