Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздік символы» азаматтық тәрбие сағаты өтті

«Мемлекеттік рәміздер -  Тәуелсіздік символы»  азаматтық тәрбие сағаты өтті
Мемлекеттік рәміздер күні – Қазақстан халқын біріктіретін ерекше мереке.

  Егемен еліміздің ресми рәміздері – ту, елтаңба мен әнұран бекітілген. Мемлекеттік рәміздерде халқымыздың бірлік пен келісімге деген ұмтылысы, елдегі қоғамдық құндылықтар және Отанымызға деген мақтаныш көрініс тапқан. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің  Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары подполковник Сарымсаков Данияр Рамазанұлының ұйымдастыруымен мемлекетіміздің ең басты құндылығы 4 маусым — мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер -  Тәуелсіздік символы» атты азаматтық тәрбие сағаты өткізілді.

Кеш барысында Әнұран шырқалып, тарихымызға көз жүгіртумен қатар  «Бауыржан Момышұлы» Шекара заставасы бастығының міндетін уақытша атқарушы капитан Орысбай Абылай Бағланұлы, «Ақсуат» Шекара заставасының бастығы капитан Қайырбеков Самат Бахытұлы, «Шөлдала» Шекара заставасының бастығы майор Омаров Чингиз Тимурович жүрекжарды құттықтау сөздерін айтты. Сонымен қатар,  ұлттық рухты жанитын патриоттық әндер шырқалды.

Кеш соңында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасына қарасты «Бауыржан Момышұлы», «Ақсуат», «Шөлдала» шекара бөлімшелерінде 4 маусым - ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне орай  «Мемлекеттік рәміздер – елімнің мақтанышы»  тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып библиографиялық шолу жасады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары подполковник Сарымсаков Данияр Рамазанұлы «Мемлекеттік рәміздер күні - бұл мереке ғана емес, сонымен қатар біздің мемлекеттік рәміздеріміздің маңыздылығын еске түсіру мүмкіндігі. Олар бізді біріктіреді және ұлттық болмысымызды сақтауға көмектеседі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз елінің мемлекеттік рәміздерін білуге және құрметтеуге тиіс. Мекемемізде мереке қарсаңында өткізіліп отырған бұл шара барлық қонақтар мен сарбаздардың есінде көпке сақталары сөзсіз. Ең бастысы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бейбіт күніміз шуақты болсын» - деп іс-шара соңын қортындылады.

Абсеметова К,
Жамбыл ауданы бойынша кітапхана меңгерушісі 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар