Бүгін елімізде Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде тойлануда. Осы орайда Жамбылда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 мекемесі атаулы мерекені ауқымды түрде атап өтті. Шарада алдымен елдігіміздің символы, Мемлекеттік туды көтеру рәсімі орындалып, артынан әнұран шырқалды. Осылайша жазасын өтеушілер мен мекеме қызметкерлері тәуелсіздігіміздің бойтұмары, рәміздердің қадір-қасиетін жете ұғынып, Мемлекеттік рәміздердің мәртебесін биіктетті.
Азаттықты айғақтайтын мемлекеттік рәміздер кез –келген елдің егемендігі мен біртұтастығының айнымас бөлшегі. Халқымыздың тарихынан сыр шертетін бұл символдар – мемлекеттің бойтұмарына айналды. Сондықтан елдігіміздің басты нышаны елтаңба, гимн және туға құрмет көрсету - әрбір азаматтың парызы.
Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.