2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін, қорытынды аттестаттаудан өткізу уақыты жарияланды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, мектептерде оқу жылы 2024 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады.
1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);
2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз аралығында);
1-сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (2025 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).
4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусымға дейін, ал 11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 2025 жылғы 30 мамыр мен 12 маусымда ұйымдастырылады.
Рәміздер мерекесі атап өтілді
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 2025 жылдың басынан бері 91 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды
- авторAR-AY
- 8 желтоқсан, 2025




