Жаздың алғашқы күнімен келген мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты күндердің бірі. Сол себепті, осы күні әрбір балақай ата-анасының қамқорлығын сезінсе, бақытты балалық шақтың балдәурен күндерін көңілді өткізсе дейміз. Өйткені, бала - өмірдің мәні мен сәні.
Әрине әр бала өз отбасында, ата-анасының аялы алақанында өскені жақсы. Бірақ өмірде әрқилы тағдыр бар. Десе де, өмірлік қиын жағдайға тап болған балғындар қамқорлықсыз қалмақ емес.
Айтулы мереке күні «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Жамбыл облыстық филиалының ұжымы дәл осы санаттағы балақайлардың көңілін аулап қайтты. Жолшылар жас жеткіншектерге сый-сияпатын табыс етіп, олармен бірге би билеп, шаттана ән шырқады.
Атап өтерлігі, тағдыр түрлі болса да, баланың бәрі бақытты болуы тиіс. Бастысы, оларды аялайтын ел бар, жаны ізгі жақсылар бар.
2024-2025 оқу жылының каникул уақыты жарияланды
Ұқсас жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024