Қазіргі уақытта сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылту қажеттігін, жаңа кәсіби білікті кадрларды сот төрелігін жүзеге асыруға тарту ісі тиянақталып, жаңа ақпараттық технологиялар белсенді енгізілуде.
Сот төрелігінің халықтың соттарға деген сенімін арттырып, орнықтыру – басты мақсат.
Осы мақсатты жүзеге асырудың бір маңызды тетігі – 2021 жылғы 1 шілдесінен бастап қолданысқа енген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.
Кодекс өз кезегінде әкімшілік рәсімдерді және әкімшілік сот ісін жүргізу бөліктерінен тұрады.
Әкімшілік әділет жүйесінің басты мақсаты – жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақытылы шешу.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 2021 жылдың 1 шілдеден бастап қолданысқа енуіне орай «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының күші жойылды.
Кодекстің басты ерекшеліктері мен басымдықтарының бірі – әкімшілік рәсімдер жүргізуде, яғни жария-құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын кеңейту, күшейту екені анық.
Мәселен, Кодексте әкімшілік рәсімдер жүргізу барысында азаматтардың соттағы процестік құқықтары саналатын шаралар көзделген, атап айтқанда әкімшілік іс материалдарымен танысу, әкімшілік органның лауазымдық тұлғасына қарсылық білдіру, алдын ала әкімшілік актінің жобасымен танысып, оған өзінің түсіндірмелерін беру, өз сөзін тыңдату құқылы және т.б.
Әкімшілік сот төрелігі ұлттық заңнамада алғаш рет енгізілуде, бұл институттың принциптері мүлдем басқа және Кодекстің тиімділігін арттырады. Олар – әділдік, мөлшерлестік, әкімшілік қалауды жүзеге асыру шектері, құқықтар басымдығының қағидаты, сенім құқығын қорғау, формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу, анықтық презумпциясы, соттың белсенді рөлі, әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі.
Сондықтан жаңадан құрылған мамандандырылған әкімшілк соттарда мұндай санаттағы істер мүлдем басқа критерийлер мен принциптер арқылы қаралады.
Кодекс сот шешімін орындауды бақылау құзіретін жаңадан құрылған әкімшілік соттарға жүктеген, бұл әрине осы маңызды саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын күшейтеді.
Әкімшілік әділет салада сот төрелігін жүзеге асыру үшін қазіргі таңда Жоғарғы Сот Кеңесі жаңадан кәсіби білікті кадрларды іріктеу жұмысын жүргізуде және мемлекет пен қоғам тарапынан әкімшілк әділет жүйесінен күтетін үміті зор.
Ажар НИЯЗБЕК,
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі Комитеті Жамбыл облысы
бойынша департаментінің аға прокуроры
Таразда тіл жанашырларының республикалық форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024