Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
istockphoto.com
2025 жылғы 8 желтоқсан сағат 09:30-да Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды arainfo.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше,KAZ 01 «Астана - Қарағанды - Алматы» автожолының 2152-2214 шақырымы аралығында (Бұрылбайтал ауылынан Алматы облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Шектеу Бұрылбайтал ауылынан Алматы облысының әкімшілік шекарасына дейінгі аумақты қамтып, барлық көлік түрлеріне қатысты қолданылады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жолды 8 желтоқсан күні сағат 13:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жол қозғалысы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар