Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Лицензиясыз қызмет: салон клиентке миллионнан астам қаржыны қайтарды

Лицензиясыз қызмет: салон клиентке миллионнан астам қаржыны қайтарды
istockphoto.com
Аталған қызметтер медициналық қызметке жататындықтан, сот салонды тұтынушыға төленген барлық соманы толық қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды arainfo.kz

2025 жылдың жазында Қостанай қаласының тұрғыны дерматокосметологиялық қызметтер үшін бір салонға 1 200 000 теңге төлеген. Алайда уәде етілген нәтиже болмағандықтан, ол келісімді бұзып, қаражатты қайтаруды талап еткен.

Салон талап арызға жауап бермеген соң, тұтынушы Қостанай облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жүгінген. Тексеру барысында кәсіпкердің тұтынушы өтінішіне жауап бермегені анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Келісімшарттағы ақшаны қайтармауға қатысты шарттарды алып тастау жөнінде нұсқама берілді.

Сот барысында салонның дерматокосметологиялық қызметтерді тиісті лицензиясыз көрсеткені белгілі болды. Сот шешімімен салон тұтынушыға төленген қаражатты толық қайтаруға міндеттелді.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері өңірде тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында 1452 өтініш қаралып, азаматтарға 62,7 млн теңгеден астам қаражат қайтарылған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар