Түзеу мекемесінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталды
- author AR-AY
- 31 мамыр, 2024
- 279
√58 Түзеу мекемесінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтті, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі.
Жалпы деректерге сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын-сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.
Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың жазықсыз азаматақталды.
Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау шаралары әлі де жалғасады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еске алу күніне орай жасаған үндеуінде «Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды», - деп тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.
Атаулы датаға орай облыстық ҚАЖД РММ √58 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында көркем фильм көрсетіліп, тәрбиелік мақсатта топтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.