Шәкіртім Сырым Осман 13 жаста ғана болса да спортта біраз жетістіктерге жетіп үлгерді. Өте төзімді, талапшыл, сабырлы, көздеген мақсатына жетпей қоймайтын Сырымның оқу үлгерімі де жақсы.
Жақында Алматы қаласында үшінші рет өткен әлемдік киокушин будокай каратэден Азия чемпионаты өтіп, байрақты бәсекеде шәкіртім Сырым Осман III орынды иеленіп, елге үлкен қуанышпен оралды.
Қазақстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Израиль, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан, Филиппин және Моңғолия елдерінен келген 500-ден астам спортшының арасынан суырылып шығып, жеңіс тұғырынан көріну нағыз спортшыға тән қасиет деп білемін.
Осы орайда Сырымның жаттықтырушысы Нұрлан Сайдуллаевтың еңбегін айтпай кетуге болмас. Аянбай төккен тер өз жемісін берді. Сырымның әкесі Мақсат Жұманов пен анасы Перизат Ақайдарованың да ата-аналық тәрбиесінің көмегі болғаны анық.
«Әлем шыдамдыларға тиесілі» деп Аль Копоне айтқандай, Сырымды төзімділік пен жігерлілікке баулыған ата-анасы баласынан үлкен үміт күтері анық. Рухы биік баланың мақсаты да айқын боларын олар түсінеді. Сырымның жеңісі тек ата-анасының ғана емес, жерлестерінің, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп ұжымының жеңісі деп білеміз.
Сырымға алар асуың әлі де көп болып, еліңді қуанта бер демекпін.
Раиса НЕСІПБАЕВА,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, сынып жетекшісі,
Талас ауданы
Болашақ бүгіннен басталады
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанды
- авторAR-AY
- 30 қыркүйек, 2024
Енді колледждер өз базасында шығарған тауарлар мен қызметтерден табыс таба алады
- авторAR-AY
- 5 қыркүйек, 2024