Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Байзақ – 2024» оқу - жаттығу жиыны өтті

«Байзақ – 2024»  оқу - жаттығу жиыны өтті
Ашық дереккөз
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Байзақ – 2024» тексеру жиынының жабылу салтанатына қатысты. Аймақ басшысы алдымен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің арнайы техника мен жабдықтарын аралап, бірқатар оқу-жаттығуын көрді.

Тексеру жиыны 2024 жылдың 20-29 мамыры аралығында «Айша бибі» полигонында ұйымдастырылды. Оған Байзақ ауданының аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тіркелген 80-ге жуық әскери міндетті шақыртылған.Жалпы оқу-жаттығу облыстың аумақтық қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған. 

10 күндік жиын барысында әскери міндеттілер кәсіби мамандардың көмегімен біліктіліктерін шыңдады. Атап айтқанда, олар аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тапсырылған нысандарды күзету және қорғау, қарсыластың диверсиялық-барлаушылық тобымен күресті ұйымдастыру бойынша дайындықтарын іс жүзінде жетілдірді. 

Ербол Қарашөкеев аумақтық қорғаныс әскерлері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас бөлігі екенін баса айтты. Ол әскери міндеттілерді оқу-жаттығу жиынын сәтті аяқтауымен құттықтады.

«Байзақ – 2024» тексеру жиынының қорытындысымен үздік нәтижеге қол жеткізген бірқатар әскери міндетті облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі 
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Қордайда жер сілкінді
Алдыңғы мақала
Қордайда жер сілкінді

Ұқсас жаңалықтар