Зілзала ошағы Алматыдан батысқа қарай 132 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жамбыл облысының Қордай ауданында қуаты 2 балдық жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 31 мамыр Астана уақыты бойынша сағат 10:13-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің координаттары - 43.21 75.20
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батыс жаққа қарай 132 шақырым жерде болған.
Жамбыл облысы Қордай ауылында екі балдық жер сілкінісі сезілген.
Келесі мақала