Елімізде су тасқыны болғанына қарамастан нан бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Министр орынбасары көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.
«Қазақстанда егістің жалпы көлемі – 23 млн 800 гектар. Оның ішінде бидай, майлы дақылдар егілетін аумақ – 21 млн аса гектар. Бүгінде 14 млн гектар жерге егін егілді: 63-68%. Бұл жұмыс тиісті деңгейде жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрінен бастап, оның барлық орынбасары бүкіл облыста көктемгі егіс жұмысын қадалағалап отырмыз. Біз барлығына уақытында үлгереміз деп жоспарлап отырмыз. Себебі, біз күніне 1 млн гектар жерге егін егуіміз керек. Жұмысты уақытында бітіреміз деп отырмыз. Бүгінде ешқандай кедергі жоқ», - деді Аманғали Бердалин Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Вице-министр Үкімет көктемгі егіс науқанына қосымша 300 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.
«Биыл ауыл шаруашылығы министрлігіне Үкімет қолдау көрсетті. Шаруа қожалықтарына жылына 100,80 млрд теңге бөлінсе, биыл қосымша 300 млрд теңге берілді. Қаражат, жанар-жағармай – барлығы уақытында қамтамасыз етілді. Сондықтан кідіруге болмайды, жұмысты уақытында бітіреміз», - деді министрдің орынбасары.
Журналистердің бірі вице-министрден «Болашақта астық пен нан бағасы қымбаттамайды деп сендіре аласыз ба?» деп сұрағын нақтылады.
Проблема болмайды. Біз мұны толық сеніммен айта аламыз. Себебі, былтырдан қалған бидай қорымыз да жеткілікті, - деді вице-министр.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Ұқсас жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024