Жуырда ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті инженерлік техникалық қамтамасыз ету бөлімі, Жамбыл ауданы, Гродекова ауылдық Мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе ұйымдастыруымен Шекара қызметінде әскери борышын өтеген "Көктем 2023" мерзімді әскери қызметшілеріне Срочник 2.0 бағдарламасы бойынша іріктеу ден өткен грант иегерлеріне сертификат табыстау рәсімі өтті.
Шара барысында Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Отан алдындағы әскери міндетін өтеген 10 мерзімді әскери қызметшіге ЖОО түсуге гранттық сертификаттар табысталды.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қорғаныс министрлігі келісімі аясында биыл Қазақстан бойынша осындай 350 грант бөлініп отыр. Соның -10 , Жамбыл облысы бойынша департаменті инженерлік техникалық қамтамасыз ету бөлімінде әскери борышын өтеп, тәртібімен, әскери міндетті ерекше орындауымен көзге түскен сарбаздар ға берілді.
Яғни, офицерлер мен сержант тар тарапынан әскер қатарындағы жастарға арнайы баға беріліп, берілген балдар бойынша Білім министрлігінің комиссия шешімімен гранттар тағайындалады.
Аталған шараға ҚР Қарулы күштерінде әскери борышын өтеуге аттанғалы отырған 20-ға жуық әскерге шақырылушы жастар мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің 15-ке жуық “Жас ұлан” әскери-патриоттық ұйымының мүшелері, “Әлем” колледжінің студенттері және Гродекова ауылының оқушылары қатысты.
Шара аясында ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы департаментінің тәрбие және кадрлар басқармасының бастығы полковник Ахметов Дархан Шаймерденович,
ҚР ҰҚ ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті инженерлік техникалық қамтамасыз ету бөлімі бастығы полковник Курмантаев Абдумалик Амангельдиевич,
ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті инженерлік техникалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары подполковник Оралбеков Бектас Кобейович,
ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша “шекара тарландары” филиалының төрағасы Жумабаев Қошан Сайлаубекұлы,
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпықар Жомарт Дүйсенұлы,
Жамбыл облысы және Тараз қаласы ауған соғысының ардагерлер төрағасы құрмет ордерінің иегері Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлы,
Жамбыл ауданы әкімдік саясат бөлімі жастар ресурсы орталығының директоры Жандар Тоқсаба қатысты, жастарға әскери-патриоттық бағытта рух берер жалынды сөздерін арнады.
Шара соңында Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығының өнерпаздары тарапынан концерттік бағдарлама ұсынылды.
Биыл астық пен нан бағасы қымбаттай ма – АШМ жауабы
Ұқсас жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024