Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жошыбаев жолы - ізгі жол

Жошыбаев жолы - ізгі жол
Ашық дереккөз
Кеше Жамбыл жоғары медициналық колледжінде ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының директоры, кардиохирург, медицина ғылымының докторы, профессор Сейтхан Жошыбайұлының 85 жылдық мерейтойына арналған «Шипалы қолы – дертке дауа» тақырыбында кеш өтті.

Салтанатты іс-шараны облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова құттықтау сөзімен ашып, ізгі тілегін жеткізді.– Сіз ұлт саулығын қалыптастыруға ықпал етіп, мыңдаған жүрекке жаңа өмір сыйладыңыз.

 

Жамбыл облысында балалар кардиохирургиясының дамуына үлес қосып, «Ерен еңбегі үшін», «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері атандыңыз. Өзіңіз жетекшілік ететін ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығына да алғыс айта отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, толағай табыстар мен сәттілік тілеймін. Әрдайым абырой биігінен көрініңіз. Халық денсаулығын арттыруға қосып отырған үлесіңіз еселене берсін, – деді Ж.Мықтыбекқызы.


Мерейтой барысында жиынға келген қонақтар, ғылым және білім саласының ардагерлері ғалым-дәрігер Сейтхан Жошыбаевтың жүріп өткен белестері мен жеткен жетістіктерін, бір орында тоқтап қалмай, тек алға жылжып келе жатқанын айтып, ізгі ниеттерін білдірді. Сонымен қатар колледж студенттері де Сейтхан Жошыбайұлының құрметіне арнау өлеңдерін оқып, әсем ән айтып, шәкірттері өз алғыстарын жеткізді.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау 
басқармасының баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар