Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

1 маусымнан бастап магистратураға түсуге арналған тестілеуге тіркеу басталады

1 маусымнан бастап магистратураға түсуге арналған тестілеуге тіркеу басталады
Тест тапсыруға 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75 балл

1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы.

Тіркелу Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2024 жылғы 8 шілдеге дейін болады. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Тіркелу кезінде магистратураға түскісі келген талапкер тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (8 шілдеге дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады.

13 шілдеде тестілеуді өткізу күні туралы ақпаратты өтініш берген адамның жеке кабинетінен қарауға болады.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі. Ол үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75 балл.

Шығармашылық мамандықтар бойынша бейінді магистратураға түсушілерден құжаттарды қабылдау  1 маусым мен 8 шілде аралығында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен іске асырылады.

Биыл бейінді магистратураға түсу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді бейінді магистратураға түсуге ниетті үміткерлер «Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» бөлімінен босатылды. Осылайша, олар тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде әрбір бейінді пән бойынша кемінде 7 балл болады.

Сондай-ақ, басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар азаматтар бейінді магистратураға ақылы негізде әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданады.

Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін онлайн апелляцияға бере алады.

Магистратураға түсушілер 13 мыңға жуық білім беру грантына үміткер бола алады.

Гранттар тізімі ҰТО сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған: https://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6924.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар