Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жазасын өтеушілер психологиялық тренинг өткізілді

Жазасын өтеушілер психологиялық тренинг өткізілді
Сот үкімімен кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылған жандарды қоғамға қайта бейімдеуде түрлі психологиялық тренингтердің пайдасы зор.

 Себебі, дәл осындай тренингтер барысында жазасын өтеушілер өздерінің жан сырымен бөлісіп, қоршаған ортамен қарым-қатынасын нығайта түседі.

Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде сотталған азаматтар үшін мекеме психологы Айгерим Саурбаеваның ұйымдастыруымен «Өз-өзіңді жақсы көру деген не?» және «Кешірім сұрай білесіз бе?» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Дәріс кезінде жазасын өтеушілер өзара пікір алмасып, белсенділік танытты. Ал, тренинг соңында олар алған әсерлерімен бөлісті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар