Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тілсіз жауға тосқауыл қою баршаға ортақ

Тілсіз жауға тосқауыл қою баршаға ортақ
ашық дереккөз
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев баспасөз мәслихатын өткізді.

Спикердің айтуынша, елімізде өрт қауіпті кезең басталғалы 33 орман өрті тіркелді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,4 есе аз. Сондай-ақ жалпы ауданы 353 гектар болатын 148 дала жануы тіркелді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5 есеге төмендеу.Оңтүстік өңірлерде өрт қауіпті кезең 20 наурыздан, ал солтүстік, батыс, шығыс және орталық бөліктерде 8 сәуірден басталды.Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпті кезеңде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған шаралар кешенін қабылдауда.
Әр өңірде ірі өрттермен күресу үшін күштер мен құралдар көзделген. Жалпы ел бойынша 50 мың адам және 10 мыңнан астам техника дайын. Қазіргі таңда аэровизуалды барлау үшін 120 дрон бар.
Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі және дала аумағындағы өрттерді жою үшін ерікті өртке қарсы құрылымдары тартылады. Ел аумағында барлығы 241 ерікті өртке қарсы құрылымдары құрылды. Бұдан бөлек әкімдіктер мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерді қорғау үшін өрт сөндіру бекеттерін құрады. Бүгінгі таңда республикада 720 өрт сөндіру бекеті құрылды.
Табиғи өрттерге ден қою алгоритмін тәжірибелік пысықтау үшін 15-16 мамырда «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтті. Оқу-жаттығу шеңберінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі режимін сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешені, орман-дала өрттері барысында туындайтын негізгі және қосалқы міндеттерді орындау бойынша уәкілетті органдармен және ұйымдармен штабтық жаттығулар ұйымдастырылды. 

Барлық өңірлерде орманшаруашылығы мекемелерімен 175 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Төтенше жағдай министрлігінің оқу орталықтарында орман күзетінің 1 300 қызметкері оқытылды.
Өрт қауіптілігі жоғары класс кезеңінде ТЖМ күштерімен орманшылықтарда механикаландырылған күзет ұйымдастырылады.
Өңірлерде алдын алу шаралары басталды. Еліміздің орманды-дала алқаптарында алдын алу шараларын жүргізу үшін мемлекеттік өрт бақылау, орманшаруашылығы мекемелері мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылды. Рұқсат етілмеген от жағу, ауылшаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз жануы, сабанды жағу және өрт қауіпсіздігі қағидаларының басқа да бұзушылықтары үшін бүгінгі күні 920 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Эльмира Байназарова

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар