Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

105 педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды

105 педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды
Автор
Өңірдегі білім беру жүйесін білікті, сапалы мамандармен толықтыруға бағытталған жаңа бастама жемісін бере бастады. Әсіресе жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған, білімі мен біліктілігі жоғары түлектерді ешқандай конкурстық іріктеусіз тікелей жұмысқа қабылдау тәжірибесі жас мамандардың мектеп табалдырығын сеніммен аттауына үлкен септігін тигізіп отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен қолға алынған жоба шеңберінде GPA көрсеткіші 3,33 балдан жоғары дарынды жастар еш кедергісіз білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасуда. Осылайша жарқын жоба білім саласына әлеуеті зор, жаңашылдыққа құштар жастарды тартудың тиімді құралына айналды. Сонымен қатар жоба жас мамандардың бюрократиялық кедергілерге тап болмай, өз мамандықтары бойынша бірден тәжірибе жинақтауына жол ашты.

Қазіргі таңда облыс көлемінде 105 жас педагог осы мүмкіндікті пайдаланып, алғашқы еңбек жолын мектептерде бастап кетті. Олардың қатарында өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жаңашылдыққа ұмтылатын, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен ұстаздар бар. Жас мамандар мектеп ұжымына тез бейімделіп, оқу-тәрбие үдерісіне тың серпін беруде. Бұл бастама жас мамандардың еңбек нарығына тез бейімделуіне ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби тұрғыдан қалыптасуына қолайлы орта қалыптастыруда.

Сала мамандарының пікірінше, бұл қадам өңірдегі кадр тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешіп, мектептердегі оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды стратегиялық шешім.

Білім саласына келген жаңа лек қазірдің өзінде мектеп ұжымдарымен етене араласып, шәкірттерге сапалы білім беру ісіне белсенді атсалысуда. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын тауып, облыстың білім әлеуетін арттыруға өз үлесін қоса бермек.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар