Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алтын құрсақты аналар ардақталды

Алтын құрсақты аналар ардақталды
ашық дереккөз
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тараздық көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын табыстады. Жиынды Бақытжан Әмірбекұлы құттықтау сөзбен ашып, алтын құрсақты батыр аналарға жылы лебізін арнады.

– Өздеріңізге белгілі, егемендік жылдары демографиялық саясатқа барынша назар аударылды. Нәтижесінде бүгінде халық саны 20 миллионға жетті.Жемісті саясаттың арқасында Тараз қаласы тұрғындарының саны да артып, бүгінде 430 мыңнан асты. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген игі іс қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің елімізде әйелдер қауымының орны биікте екенін айғақтайды. 


Елімізде көпбалалы аналарға әрдайым қолдау көрсетіліп келеді. Бүгінгі сіздермен жүздесуіміз де соның бір көрінісі. Айталық, Тараз қаласында 2010-2023 жылдар аралығында жалпы 2 753 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 2 516 ана «Күміс алқамен» марапатталды. Бүгін де 4 көпбалалы анаға «Алтын алқа» және 13 анаға «Күміс алқа» табыс етпекпіз. Бұл сіздерге жасалған құрметтің бір парасы ғана. Сіздер жер бетіндегі барлық жақсылыққа әбден лайықсыздар! – деді Б.Орынбеков. 


Салтанатты жиынға 17 ана қатысып, құрмет құшағына бөленді.
Басқосу соңында аналардың атынан қала тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Зилиха Алтаева сөз алып, батасын берді.

 

А.Орынбасарқызы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар