Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Құмарықтағы Құрмет

Құмарықтағы Құрмет
ашық дереккөз
Құмарық ауылдық мәдениет үйінде "Ел болып оқимыз" жобасы аясында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны, сатирик Бақытжан Әлімқұловтың шығармашылығына арналған "Шымшыма сөз шебері" атты кездесу кеші өтті.

Құмарық ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен кешті аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержан Айдархан ашып, ақынның шығармашылығына табыс тіледі. Бұдан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов пен Құмарық ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Абубакир Иебаев Б.Әлімқұловтың облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген «Хайп пен лайк» атты жыр жинағының лентасын қиып, жерлестерінің атынан ақынға алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. 

Тағылымды кеш барысында оқырмандар ақынның өлеңдерін оқып, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Сондай-ақ сатириктің шығармашылығынан дайындалған қойылым көрсетілді. 
Кеште «Шаттық», «Көрұғлы» күйлері орындалып, кітапхана және мәдениет саласы қызметкерлерінің орындауында «Шалтауым», «Есіңе мені алғайсың», «Киелі менің Құланым» әндері шырқалды.
Бақытжан Советұлы – қазақ балалар әдебиетінің талантты өкілі Совет Әлімқұловтың мол мұрасын насихаттаушы, әке жолын берік ұстанып, сатира саласында өнімді еңбек етіп жүрген жазушы. Қашанда қазақы болмысынан айнымаған ақынның мерейлі белесі өзінің туған халқымен жоғары деңгейде аталып өтті.

Әлия ИСКАКОВА,
Т.Рысқұлов аудандық 
кітапхананың кітапханашысы 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар