Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Айрықша акция

Айрықша акция
Ашық дереккөз
Жыл басынан бері облыс аумағында 449 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 51 адам қаза тауып, 694 адам түрлі дене жарақатын алды.

Статистикалық талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының 97 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болған. Осы орайда жамбылдық полицейлер жол апаттарын азайту, алдын алу мақсатында «Шок терапиясы» акциясын өткізді. Республикалық автожолдарда патрульдік полиция экипаждарының сүйемелдеуімен жол апатынан зақымдалған автокөлігі бар эвакуатор жүріп өтті. 

Осылайша полиция қызметкерлері автокөлік иелерін көлік жүргізу кезінде сергек болуға шақырды. Тәртіп сақшылары жүргізушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы айтты. 

Жол қауіпсіздігі – өзекті мәселе. Сіз тәжірибелі жүргізуші немесе жаңадан көлік басқарып бастаған болсаңыз да қайғылы жағдай кез келген адаммен және кенеттен болуы мүмкін. 
Акцияның мақсаты – жүргізушілерді қорқыту емес, ой салу.

Айжан Өзбекова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар