Спикердің айтуынша, облыста жалпы алаяқтық саны 15,9 пайызға (353-тен 297-ге) төмендеген. Ал қылмыстың барлық түрлерінің құрылымында алаяқтық (1 447) үлесі 20,5 пайызды құрап отыр.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін интернет жүйесін пайдалану арқылы жасалған 66 алаяқтық тіркелген. Алаяқтық іс-әрекеттердің басым бөлігі қалалық бөліністерде орын алған.
Қылмыстың жасалу тәсілдеріне тоқталсақ, банк немесе ұялы байланыс қызметкері ретінде 31, инвестиция немесе ақша көбейту бойынша 9 іс тіркелген. Сондай-ақ, онлайн кредит, тауарлық ұсыныс, қолма-қол ақшаға аудару, тур агенттігіне тапсырыс бойынша да сан соқтырып кеткендер бар.
Осы уақытқа дейін интернет жүйесімен жасалған 14 алаяқтық дерегі ашылған.
Интернет-алаяқтықпен айналысқан 11 тұлға ұсталыпты. Оңай жолмен ақша табамын деп опық жегендердің бесеуі Алматы, Маңғыстау, Қызылорда секілді басқа облыстардың тұрғындары.
Айжан Өзбекова