Оқиға орнына бірінші болып жеткен полиция қызметкерлері қызметтік көліктерінен өрт сөндіргіш құралдарды алып, тілсіз жауды ауыздықтауға кірісіп кетеді. Осылайша өрт ошағын жойып, әйелді және кәмелетке толмаған 5 баласын от құшағынан аман алып шықты. Балалардың ең кішкентайы небәрі 2 жаста. Бұдан әрі полиция қызметкерлері жарылыстың алдын алу үшін пәтердегі газды жауып, көпқабатты тұрғын үйдегі басқа да адамдарды эвакуациялады.
Жамбылдық полиция қызметкерлерінің ерлігі мұнымен шектелмейді. Полицейлер «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының учаскесін патрульдеу кезінде көліктен өрт шыққанын байқап, тоқтаған. Сөйтіп, бірден жүргізуші мен жолаушыларға көмек көрсету үшін жедел түрде қажетті шараларды қабылдайды.
Көлікте жүргізуші, әйелі және үш баласы болған. Полицейлер адамдарды автокөліктен шығарып, ондағы қажетті заттарын да сыртқа тасып үлгерген. Сондай-ақ балалар мен олардың анасын Алматы қаласына жету үшін жолай басқа көлікке салып жіберді.
Жүргізуші мен жолаушылар эвакуацияланғаннан кейін автокөлік толығымен жанып кетті.
Қызметкерлер дереу өртсөндірушілерді шақырып, көлік өртенген аумақтан өтетін басқа көліктердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Өрт толығымен сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ.Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне қырағылық танытып, жедел көмек көрсеткені үшін өз алғысын білдірді.
Айжан Өзбекова
Айрықша акция
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024