Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ерте қимылдау- Өнімді әрекет

Ерте қимылдау- Өнімді әрекет
ашық дереккөз
Санаулы күндерден кейін жадыраған жаз келеді. Алайда қызығы мол жаз маусымы басталса, өрт пен судан келетін қауіп арта түсетіні белгілі. Кеше өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Өрт және суға шомылу маусымы» тақырыбында брифинг өтіп, қатері мол кезеңге дайындық барысы қозғалды.

Санаулы күндерден кейін жадыраған жаз келеді. Алайда қызығы мол жаз маусымы басталса, өрт пен судан келетін қауіп арта түсетіні белгілі. Кеше өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Өрт және суға шомылу маусымы» тақырыбында брифинг өтіп, қатері мол кезеңге дайындық барысы қозғалды.

Жиында алдымен облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Жалғас Абдуалиев баяндама жасап, шомылу маусымына дайындық туралы хабардар етті. Спикердің айтуынша, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровпен «2024 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» жоспар бекітілген. 17 сәуірде облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтіпті. Сондай-ақ қалалық, аудандық деңгейдегі комиссия отырысы өтіп, судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу және арнайы шаралар қабылдау бойынша тиісті құзырлы органдарға тапсырмалар берілген.
– Профилактикалық жұмыстар суайдындардың қауіпті учаскелеріне 360 ескерту, тыйым салу белгілерін және 7 бильборт орнатудан басталды. Қазіргі таңда шомылуға қауіпті орындарда судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаменті қызметкерлері еріктілерді тарта отырып шомылуға қауіпті, рұқсат етілмеген орындарда рейдтер мен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жалпы 500-ден аса рейд және патрульдік жұмыстар ұйымдастырылып, 5 мыңнан аса жадынама таратылды. 
Бірақ жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан жыл басынан бері облыс аумағында 1 оқыс оқиға тіркеліп, 2 адам балық аулау кезінде қаза болды. Ал былтыр 1 маусымнан 31 тамызға дейін облыстағы суайдындарда 4 суға бату фактісі тіркеліп, онда 5 адам қаза тапқан еді. Өкініштісі сол, оның ішінде үшеуі – бала. Оқиғаның орын алуы шомылу кезінде балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, жүзу кезінде өз күшін бағаламау, жабдықталмаған орындарда шомылу және балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындап отыр.
Жалпы судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған азаматтар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 364, 412 және 440-баптары бойынша жауапкершілікке тартылады, – деген Жалғас Бекмұратұлы сөз соңында суайдындардағы жүріс-тұрыс тәртібін тағы бір еске салып, тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Мұнан соң аталған департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Абылай Баянов баяндама жасады. Спикердің сөзіне сүйенсек, табиғи өрттерді сөндіруге тартылатын бөлімшелердің өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында сәуір айының соңында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған. Сондай-ақ мамыр айында іс-қимыл жоспарына сәйкес ірі өрттерді жою кезінде Қырғыз Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі Талас және Шу облыстары бойынша басқармаларымен трансшекаралық оқу-жаттығу ұйымдастырылады. 
– Жол қызметтерінің жұмыс жоспары бойынша облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 1 237 шақырым автожолдың – 1074, облыстық маңызы бар 1 943 шақырым автожолдың – 712, сондай-ақ 840 шақырым теміржолдың 104 шақырым қашықтығында орман екпе ағаштары бар жерлерде өртке қарсы жолақтарды жырту жұмыстарын жүргізу қажет.
Облыс аумағына ғарыштық мониторинг жүргізуге биыл жергілікті бюджеттен 6 миллион 500 мың теңге бөлінді. Осы жылы сәуір-қараша айлары аралығында орманшаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері күніне 3 рет өңірдегі мемлекет қорының 3,048 миллион гектар жерін «Қазәуеорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны авиатехникасымен ұшу арқылы күзету жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ал орманшаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 280 миллион теңге қаражат қаралды. Қазіргі уақытта орманшаруашылықтарының жарақтандырылуы тиісті норманың 78 пайызын құрайды.
Айта кетерлігі, облыстың ауылдық округтерінде жеке құрамы 2 128 адамнан тұратын 165 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды. Олардың қарауында 49 су тасығыш, табиғи өрттерді сөндіруге бейімделген 508 техника, 88 өрт мотопомпа және 175 ранцтық өрт сөндіргіш бар. 
Соңғы 2 жылда «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру бөлімдері және мамандандырылған оқу орталықтары базасында 2 мыңнан астам ерікті өртсөндіруші оқытылды, – деді Абылай Өмірғалиұлы.
Облыс аумағында 377 елді мекен болса, оның ішінде қызмет көрсету радиусына кіретіні – 
106. Аталған аумақтарды мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің 20 өрт сөндіру бөлімі қорғауына алған. Қалған 271 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар 36 өрт сөндіру бекетін кезең-кезеңімен құру жұмыстарын қолға алған. Осы мақсатта облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірге 2021-2025 жылдары облыс аумағын дамыту жоспарына сәйкес 13 шалғай елді мекенде өрт сөндіру автомобильдерімен және бейімделген техникамен жарақтандырылған өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру мүмкіндігін енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күні облыс аумағында 19 өрт сөндіру бекеті құрылған. 

А.БЕКЕНҚЫЗЫ
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар