Шараның мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметтің маңыздылығын насихаттау, жастардың Отанды қорғау қажеттілігі туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру, олардың бойында адалдық, аға ұрпаққа құрмет, батылдық, Отанға және өз халқына деген сүйіспеншілік сияқты жоғары адамгершілік және моральдік-психологиялық қасиеттерді тәрбиелеу, салауатты өмір салтына оң көзқарасты дамыту, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу, жауынгерлік рухты көтеру, жастар арасында жоғары тәртіптілікке қол жеткізу.
Шығарып салу рәсімінің шымылдығы облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Ерлан Махановтың, запастағы майор Данияр Исаковтың алғы сөзімен ашылды.
Іс-шара аясында әскерге аттанғалы жатқан жас сарбаздарымыз үшін рухты көтерер патриоттық әндер шырқалса, 85395 әскери бөлімінің оркестрі «Қазақтың баласы», «Саржайлау» композицияларымен көрерменнің қошеметіне бөленді.
Жиын соңында қонақтар болашақ сарбаздарға азаматтық борыштарын абыройлы атқару үшін өз игі тілектерін білдіріп, салтанатты түрде шығарып салды.
«AR-AI»-ақпарат