Облыс әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен сала мамандарына арналған екі күндік облыстық оқыту семинары өтті.
Өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинарға дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға мүдделі жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мешіт имамдары мен теолог мамандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинарға арнайы шақырылған «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті және Түркістан қаласының дінтанушылары мен оқытушылары, психологтар өзекті тақырыптарда дәрістер оқып, тәжірибе алмасты.
Семинарда қозғалған тақырыптардың бірі – діни гомилетика (дағуат) призмасындағы радикалды көзқарастардың шығу себептері болса, келесісі – Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының кейбір құқықтық аспектілері.Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Турнир