Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Студенттер баскетбол бәсекесінде сынға түсті

Студенттер баскетбол бәсекесінде сынға түсті
ашық дереккөз
Биыл тарихы терең,

Биыл тарихы терең, тағылымы ерен Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне – 70 жыл. 1954 жылы құрылған кезден бастап білім беру ісінің түрлі сатыларынан өткен оқу орны 70 жылда талай түлекті тәрбиелеп, ғылым мен білім жолында самғатты.

Жуырда облысымыздағы іргелі оқу орнының 70 жылдық мерейтойына орай Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде облыстық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында баскетболдан турнир өтті. 


Облыс әкімдігі білім басқармасы ғылыми-тәжірибелік денешынықтыру орталығы мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжі бірлесе ұйымдастырған турнирге 9 команда қатысып, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Спортты жанына серік еткен студенттер тартысқа толы ойын өрнегін көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.


Турнир қорытындысы бойынша Бекжан Үсенов жаттықтыратын Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің құрамасы жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Ал «Dulati» командасы екінші орынды иеленсе, Жамбыл облысының құрама командасы үшінші орынды олжалады. Жүлдегер командалар мен үздік өнер көрсеткен ойыншыларға колледж тарапынан бағалы сыйлықтар мен кубоктар сыйға тартылды.


Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған спорт бәсекесінің жоғары деңгейде өтуіне ЦӘК (Циклдік/пәндік әдістемелік комиссия) төрайымы Бахыт Сеитова, дене тәрбиесі пәнінің аға оқытушысы Алмас Құрбанов және оқытушы, баскетбол командасының жаттықтырушысы Бекжан Үсеновтің үлкен үлес қосқанын айта кеткен жөн.

 

                                                                                                                                                                                                                                                               Айжан ӨЗБЕКОВА
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар