arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

1 806 жұмыскердің құқығы қорғалды

1 806  жұмыскердің құқығы қорғалды
ашық дереккөз
Жұмыскер құқығы

 

 

Елімізде жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек дауы жиі тіркеледі. «Бұған ең басты себеп – құқықтық сауатсыздық» дейді заңгерлер. Халықтың басым көпшілігі қызметке алынып, екі қолға бір күрек табылуын мақсат тұтады, ал еңбек шартының түпкі байыбына баратындар аз.

 

Осы орайда өңіріміздегі ахуалға тоқталар болсақ, еңбек жағдайларының ахуалын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында 2024 жылдың 3 айында облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасымен 6 мекемеде профилактикалық бақылау жүргізіліпті. Қазіргі таңда 3 мекемеде, атап айтқанда, «Бином», «Юни-Тим» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде және «Жамбылгипс» акционерлік қоғамында профилактикалық бақылау жұмыстары басталған. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін 15 мекемеде профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. 


Басқарма басшысы Жарылқасын Айтақовтың айтуынша, тексерілген мекемелерде 50 бұзушылық анықталыпты. Бұзушылықтың басым көпшілігі еңбек қатынастары (27) және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша (22) орын алған. Осыған байланысты жұмыс берушілерге 6 нұсқама беріліпті. Бүгінгі таңға анықталған бұзушылықтардың барлығы жойылып, 1 806 жұмыскердің құқығы қорғалды. Сондай-ақ еңбек инспекторларымен жыл басынан бері барлығы 207 жеке және заңды тұлғаның арыз-шағымы қаралды. Арыз-шағым бойынша жоспардан тыс 47 тексеріс ашылып, 72 еңбек заңнамасының бұзу фактісі анықталды.


Тексерістердің қорытындысымен жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 19 нұсқама беріліп, 10 мекемеге қатысты әкімшілік шара қолданылды. 1 199 900  теңгені құрайтын 8 айыппұл салынды

.
Нәтижесінде 56 еңбек заңнамасының бұзушылығы жойылып (еңбек қатынастары бойынша – 43, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға байланысты – 12, халықты жұмыспен қамту – 1), 1 826 жұмыскердің құқығы қорғалды.Еңбек инспекторларымен жүргізілген тексерулер, анықталған заңбұзушылықтар, салынған айыппұлдар және басқа да атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізіліп отыратынын айта кетейін. 


Сонымен қатар есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторларымен қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 кәсіпорында 280,6 миллион теңгенің жалақы қарыздары анықталды. Мәселе толығымен шешіліп, 1 507 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.


Облыс бойынша 2024 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ахуалдық орталығында облыстың тәуекелді кәсіпорындары ретінде мониторингте жалақы қарызы бойынша екі кәсіпорын («Меркі асылтұқымды зауыты» акционерлік қоғамы мен «Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) тұр.
Бүгінгі таңға «Меркі асылтұқымды зауыты» акционерлік қоғамының 74 жұмысшысына жалақы қарызының сомасы 42 миллион теңгені құрап отыр. Меркі аудандық сотымен қалыптасқан жалақы берешегін өндіріп алу туралы шешімдері шығарылды. Сот орындаушылар шешімнің орындалуы бойынша жұмыс жүргізуде.


Ал «Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша 152 жұмыскердің алдында жалақы қарызы 30 миллион теңгені құраған. Қазіргі уақытта кәсіпорынға жаңадан инвесторлар келіп, қомақты қаржы тартып, экономикалық жағдайын тұрақтандыру бойынша жұмыс істеуде, – дейді Ж. Әбдіғапарұлы.
Бұдан бөлек облыс бойынша «Еңбек тәуекел картасына» жалақы қарызы бойынша 4 мекеме еніпті. «ТаразҚұрылысИнвест», «Айя Сервис», «KATSA», «ЮжКамТорг» серіктестіктерінде 308 жұмыскерге 55,444 миллион теңге жалақы қарызы қалыптасқан. Аталған кәсіпорындардың басшыларына жалақы қарыздарын толық төлеу туралы ескерту жасалыпты.Басқарма басшысының айтуынша, 2024 жылы бейресми жұмыспен қамтылған 590 жұмыс берушідегі 1 676 жұмыскердің еңбек қатынастары заңдастырылып, құқығы қорғалыпты. 


– 2024 жылы 12 194 әрекет етіп тұрған ұйымның 11 740-ында ұжымдық шарт жасалынып, көрсеткіш 96,4 пайызды құрады. Биыл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Қ.Жақыпованың тапсырмасына сәйкес ұжымдық шарттарды «Enbek.kz» ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстары басталды. Қазірге дейін облыс бойынша 369 ірі және орта кәсіпорынның 173-інің  ұжымдық шарты (46,9 пайыз) цифрландырылды. Цифрландыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Баса назар аударылатын ең өзекті мәселенің бірі – еңбек қауіпсіздігі. Еңбек қауіпсіздігі бағытында жыл басынан бері орын алған 13 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс берушілерге жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі іс-шаралар дайындалып, ұсынылды.


Былтырғы жылмен салыстырғанда жазатайым оқиғалар саны 13 пайызға, зардап шеккендер саны 17 пайызға азайды. Ал қайтыс болғандар саны 2 дерекке артты.
Тергеп-тексеру жұмыстарының материалдары ішкі істер органдарына жолданды. Жүргізілген талдау бойынша, жазатайым оқиғалардың жетеуі жұмыс берушінің жұмыс жағдайын қанағаттанарлықсыз ұйымдастыруынан, ал алтауы жұмыскердің өрескел абайсыздығынан орын алған.2023 жылы жазатайым оқиғалардың өсуіне орай 2024-2026 жылдарға арналған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы қабылданып, басшылыққа алынды. Бағдарламаны іске асыру үшін облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының, жұмыс берушілер өкілдерінің, облыстық кәсіподақ орталығының және салалық кәсіподақтардың (қызметкерлер өкілдерінің) күш-жігерін біріктіру талап етіледі.


2023 жылдың 4 желтоқсанында облыстық прокуратураның бастамасымен облыс әкімдігі мен «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында кәсіпорындағы ахуалды реттеу бойынша ынтымақтастық туралы екіжақты меморандум жасалды.Сондай-ақ облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасымен еңбек жанжалдарын шешу және оларға жол бермеу бойынша іс-шаралар бекітіліп, іске асырылуда, дейді Ж.Айтақов. 


Еңбек тәуекелдерінің алдын алу бойынша есепті кезеңде облыстағы 40 еңбек ұжымында 485 жұмыскердің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті.Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекторларымен жыл басынан жеке қабылдау жұмыстары барысында облыстың 60 тұрғынына еңбек заңнамаларына қатысты консультативтік кеңестер берілген.


Одан бөлек 40 іс-шара ұйымдастырылып («Ашық есік» күні, семинар-кеңестер, еңбек ұжымдарымен кездесу және тағы да басқа), бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы 57 ақпараттық мақала жарық көрген.Жалпы облыс бойынша еңбек қатынастарына байланысты мәселелер тұрақты бақылауда. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

                                                                                                                                                                                                                                                           

                                                                                                                                                                                                                                                                         Шапағат Әбдір

 





 


 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар