Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Иммундау жұмыстары басталды

Иммундау жұмыстары басталды
Ашық дереккөз
Наурыз-сәуір айларында балалар арасында көкжөтелмен ауырғандар саны артып, алаңдаушылық тудырып отыр. Осы ретте облысымызда көкжөтелдің алдын алу мақсатында иммундау жұмыстары жүргізілуде.

Көкжөтел ауа тамшылары арқылы таралады және инфекция көзі – вакцинацияланбаған балалар. Көкжөтелдің белгілері тұмауға ұқсас. Біріншіден, баланың мұрнынан су ағады, дене қызуы көтеріледі, жөтел пайда болады. Бірте-бірте жөтел күшейіп, пароксизмальді болады. Көкжөтел пневмония және мидың зақымдануы сияқты асқынуларға байланысты қауіпті. Оны емдеуге арналған арнайы препараттар жоқ.
Көкжөтел өкпенің қабынуы сияқты асқынулармен қауіпті.

Бұл қайталама инфекцияның қосылуы нәтижесінде пайда болады. Сонымен қатар көмейдің қабынуы, мұрыннан қан кету, орталық жүйке жүйесі зардап шегеді.Инфекция ауырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа тамшылары арқылы жұғады. Ауру адам 30 күн бойы инфекцияны тарата алады. Көкжөтелге қарсы негізгі алдын алу шарасы – вакцинация.Облыста биылғы жылдың 1 қаңтарынан 18 сәуірге дейін көкжөтел ауруына күдікті 34 жағдай тіркелді. 

Жыл сайын елімізде Еуропалық иммундау апталығы атап өтіледі. Биыл сәуірдің 21-інен 27-сіне дейінгі аралықта өтетін апталықтың ұраны – «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» деп аталады. Апталықтың мақсаты – иммундаудың маңызы және егулермен толық қамту туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру. Нақтырақ айтқанда, иммундау – дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, паротит, қызамықтан болатын 2-3 миллион өлімнің алдын алуға, аурулар мен мүгедектіктен қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар иммундау қазіргі уақытта қолданылып жүрген медициналық араласудың ең тиімді және үнемді шараларының бірі ретінде саналады.

Иммундау апталығын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрған және 2005 жылдан бастап Еуропаның барлық елдерінде өткізіліп келеді. Осы жылғы Еуропалық иммундау апталығы – ата-аналар мен медицина қызметкерлерін қызылшаға, көкжөтелге, адам папилломасы вирусына (HPV) қарсы вакцинациялауды енгізу қажеттігіне назар аудара отырып, иммундаудан уақытылы өтудің маңыздылығы туралы хабардар етуге бағытталған.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз қызметі

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар