arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Курсанттар ант қабылдады

Курсанттар ант қабылдады
Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық училищесінің курсанттары әскери ант қабылдады.

Биылғы оқу жылы 29 ақпан мен 13 сәуір аралығында өтті. Сарбаздарға әскери мамандықтарды меңгеруге запастағы офицерлер көмектесті. ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық училищесі Тараз филиалының директоры, полковник Қанат Бошайдың айтуынша, оқу орнында 3 мамандық бойынша білім беріледі. Тарқатып айтсақ, курсанттар «АК-74 атқышы», «Газсыздандырушы химик» және «Ұшақ типті ұшқышсыз ұшу аппаратының операторы» мамандықтарын меңгеріп шығады. Оқу бағдарламасы курсанттар түсінуге оңай болатындай етіп жасалған. 
Практикалық сабақтар кезінде курсанттар жаңа тақырыптарды егжей-тегжейлі түсінуге мүмкіндік алды. Курс барысында АК-74 атқыштары тактикалық, атыс және барлау дайындығын пысықтады. Газсыздандырушы химиктер АРС-14 автожанармай құю стансасында арнайы және тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар мен жұмыс кезінде шеберліктерін шыңдады. Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторлары жер-жерде оқу-жаттығудан өтті.
Қордайлық Талғат Дәулетбаев «Ұшқышсыз авиацияның операторы» бағдарламасы бойынша құрылысшы мамандығында білім алып шыққан. Курсант тәжірибелі ұстаздардың арқасында жақсы білім ала білдім деп есептейді. 
Ал тараздық Мейіржан Намазбаев пен жуалылық Владимир Воронов та әскери мамандықтарды меңгерудегі жетістіктерімен мақтанады. Олардың әрқайсысы әскери пәндерден жоғары баға алған. Салтанатты жиын кезінде екеуінің есімі үздік білім алушы ретінде аталды.
Әскери ант қабылдап, оқу курсын аяқтаған курсанттарға ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық училищесінде оқуды аяқтағанын білдіретін сертификаттар табыс етілді. Бұл анықтамалармен олар жергілікті әскери басқару органдарына барып әскери билет ала алады. Осылайша еліміздің әскери резерві жаңа сарбаздармен толықты.
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Қола шырағдан
Алдыңғы мақала
Қола шырағдан

Ұқсас жаңалықтар