Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қола шырағдан

Қола шырағдан
Ашық дереккөз
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында ықылым заманнан жеткен жәдігерлер жеткілікті.

– Жәдігердің пішініне қарап-ақ ортағасырлық қолөнер шеберлері қандай да бір бұйымды дайындау барысында өзіндік қолтаңбасын қалдыруға тырысқанын айқын аңғарамыз. Шебердің ізденісі күрделі ою-өрнектерден де көрініп тұр. Бізде бар дерекке жүгінсек, бұл қола шырағдан ХI-ХІІ ғасырларда пайда болған,  – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Лаура Байтұрсынова.
Л.Байтұрсынованың айтуынша, тарихи жәдігер музей қорына 1964 жылы тапсырылған.

Ал бір пілтесі зақымданған шырағдан Тараз қаласындағы бұрынғы Көк базардың аумағынан табылған деген мәлімет бар. Түрлі ою-өрнекпен безендірілген жәдігердің біршама көнергені көзге анық байқалады.

Мұндай бұйымдар көбінесе діни-эстетикалық сипатқа ие болғаны даусыз. Х-ХІІІ ғасырларда жасалған қола шырағдандарды тек ақсүйек, бақуатты отбасылар ғана пайдаланған деген дерек бар. Бұйымды дайындауға кеткен материалдардың құндылығына қарап, бағасы да қымбат болған деген болжам жиі айтылады. Ықылым заманда адамдар күнделікті тұрмыс-тіршілікте осындай шырағдандарды жиі пайдаланған. Шырағданның ұзақ уақыт бойы жануының салдарынан жоғары жақ бетінде ыстың (оттың) ізі қалып қойған, – дейді маман.

Ш.ӘБДІРҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар