Үшарал ауылдық округіне Үшарал, Арал, Қайыр елді мекен кіреді. Ауылдық округ бойынша 326 аула бар. Онда 2 209 халық тұрады. Спикердің айтуынша, ауылдық округ бойынша 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 51 шаруа қожалық бар. Сонымен қатар 1 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі және 3 азық-түлік дүкені, 1 дәріхана, 1 жанар-жағармай құю бекеті тұрғындарға қызмет көрсетеді.
– Округтің жалпы жер көлемі 186 255 гектар болса, ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 182 848 гектар. Оның ішінде егістік жер – 1 124 гектар, шабындық жер – 4 205, жайылымдық жер 174 112 гектарды құрайды.
«Ауыл ел – бесігі» жобасы шеңберінде Үшарал ауылы бойынша құны 353 миллион 622 мың теңгеге 6 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1,8 шақырым тротуар салынды. Атап айтқанда Шығыс, Абай, Амантоғай, Е.Шөмішбайұлы, Мешіт, Ж.Бөпетаев көшелері және Ә.Сағынтаев көшесінің бойындағы тротуар жөнделді.
Үшарал ауылындағы ескі ауызсу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына 480 миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылып, әр аулаға су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.
Осы жылы толық пайдалануға беріледі деп күтілуде, – деген Самат Батылханұлы ауыл тұрғындары мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтіп жатқанын атап өтті.
Мәселен, Үшарал ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Айдана Шамшабекова 1 миллион 380 мың теңге қаржыға 4 бас ірі қара мал сатып алса, Эльвира Қыстаубаева 1 миллион 380 мың теңге қаржыға дәріханаға қажетті құрал-жабдықтар алыпты.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА