Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бір жылда 577 VIP нөмір рәсімделді

Бір жылда 577 VIP нөмір рәсімделді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының фронт-офистері өткен жылы барлығы 930 945 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 1 039 791 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының фронт-офистердің жұмысын үйлестіру басқармасының басшысы Венера Жаңабаева айтты.

Спикердің айтуынша, облыс бойынша филиалдың 17 халыққа қызмет көрсету бөлімі, Шу қаласында 1 сектор, 1 бірыңғай байлыныс орталығы жұмыс істейді. 
– Тізіліміннің жаңа редакциясында мемлекеттік қызметтің 1 354 түрі қамтылған. Атап айтқанда, мемлекеттік корпорация арқылы – 1 268, «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 1 214, тек көрсетілетін қызметті беруші арқылы 84 мемлекеттік қызмет түрін көрсету бекітілген.
Жұмыс сапасын жақсарту және қызмет алушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында филиалдың Байзақ және Қордай аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімдері жаңа ғимаратқа көшті. Бүгінгі таңда «NEW CON» жобасы аясында халыққа қызмет көрсетуде, – деген Венера Оспанқызы биыл жүзеге асатын мемлекеттік корпорацияның жаңа мемлекеттік қызметтері мен сервистеріне тоқталды.
Баяндамашының сөзіне сүйенсек, мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы шетел азаматтары «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызметін ала алады. Сонымен қатар шетел азаматтарына сапалы және тез қызмет көрсету мақсатында мемлекеттік корпорацияның қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде және көші-қон орталықтарында қазан айынан бастап «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметі ақылы түрде көрсетіле бастапты.
Сондай-ақ мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімдеріндегі көрсетілетін қызметтер бойынша жаңа сервистер іске қосылған. Нақтырақ айтқанда, «Автокөлікке VIP нөмірге тапсырыс беру» сервисі жұмысын бастаған. Аталған сервис арқылы жеке тұлғалар ақылы түрде жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алуға тапсырыс бере алады. Өткен жылы мамандандырылған бөлімдер және секторлар арқылы барлығы 171 579 523 теңгеге 577 жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірі рәсімделген екен.
– Жағымды жаңалықтың бірі – биыл мамандандырылған бөлімдерде бастапқы жүргізуші куәлігін алу процесінде теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру тек алдын ала броньдау арқылы жүзеге асырылады. Яғни енді азаматтар booking.gov4c.kz сайтына кіріп, емтихан түрін таңдап, ыңғайлы күн мен уақытын белігілеп, бөлімді таңдап, емтихан тапсыра алады. Жаңа сервистердің қатарына техникалық байқау құжатының мерзімі өткені туралы push-хабарламалар жіберу сервисі қосылды. 
Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін ресімдеу қызметі де тиімділігін көрсетуде. Бұдан былай ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін «eGov mobile» қосымшасында онлайн түрде ресімдеуге болады. 
ҚР Әділет министрлігінің, республикалық нотариаттық палатаның және «Ұлттық ақапараттық технологиялар» акционерлік қоғамының ақпараттық жүйелері арасындағы интеграция азаматтарға нотариусқа бармай-ақ құжаттарды бірнеше минут ішінде куәландыруға мүмкіндік береді.
Несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтінішті «eGov» мобильді қосымшасында және «eGov.kz» порталында беру қызметі іске қосылды.
Филиал электрондық қызметтерді және сервистерді азаматтардың кеңінен қолдануына мүмкіндік жасау мақсатында көптеген жұмыстар атқаруда. Мәселен облыстық филиал мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы бірлескен іс-шаралар жүргізіп, қазан айынан бастап аудандардағы 40 ауылдық пошта байланысы бөлімшелерінде мемлекеттік қызметтерді алу орны ашылды.
Алдағы уақытта халыққа тиімді басқа да бірқатар жобалар іске қосылады, – деді В.Жаңабаева.
Брифингте №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Марсель Жетпіспаев та баяндама жасады.

Аружан МЕРКІБАЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік 
университетінің 4-курс студенті

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар