arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Халықаралық театр күні аталып өтті

Халықаралық театр күні аталып өтті
Облыстың 85 жылдығы мен 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен «Театр – халықпен бірге» атты мерекелік думанды кеш өтті.

Іс-шараға облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, облыстық театрдың ардагер әртістері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Театр мен халық арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру, көрерменнің мәдени деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылған мерекелік кеш ерекше форматта өтті. «Көне Тараз» этномәдени орталығындағы «Сағат» стеласын айналдыра театр галереясы қойылыпты. Көрермен галереямен жіті танысып, тамашалады. 
Мерекелік іс-шара «Сахна мен актер» атты театрландырылған қойылыммен басталды. Кейіпкерлер музыка ырғағымен «Жандану» композициясын орындап, театрдың ардагер әртістерін ортаға шақырып, гүлшоқтарын табыстады.
Ал көпшілік назарына ұсынылған «Суретші» қойылымы қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғап, көрерменді біраз ойға батырды. Мұнан кейін «Жүрек жылуы» айдарына ұласты. Онда көрермендер арасынан өз еркімен ортаға шыққан жандар жақынына хабарласып, махаббаттары мен жылы сөздерін жеткізді. Өз кезегінде театр әртістері тақырыпқа сай әндерді хормен орындап, көрермен қауым бірге шырқады. Сондай-ақ аталған айдарда көрерменге блиц-сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға театрға бір жылдық тегін абонемент сыйға берілді. 

Сая ЕСБЕРГЕН,
М.Х.Дулати атындағы 
Тараз өңірлік 
университетінің 
4-курс студенті

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар